Салалар
Талқылаулар
Новость
Жасөспірімдер гинекологымен болған кездесу
Салауатты өмір салтын насихаттау, ұлт болашағы проблемаларын жеткізу мақсатында СӨС орталығының бас маманы - Рахимова Омина Бахадырқызы, жасөспірімдердің гинеколог-дәрігері - Тоқтаубаева Ажар Серікқызы 10-11 сыныптың қыз балаларына дәріс оқыды.
Салауатты өмір салтын насихаттау, ұлт болашағы проблемаларын жеткізу мақсатында СӨС орталығының бас маманы - Рахимова Омина Бахадырқызы, жасөспірімдердің гинеколог-дәрігері - Тоқтаубаева Ажар Серікқызы 10-11сыныптың қыз балаларына дәріс оқыды.
Дәрістің тақырыбы «Жасөспірім әйел затының репродуктивті денсаулығы» болды. Тақырыпты жете түсіндіру мақсатында дәрістен соң «Салауатты отбасын құрайық!» атты бейнебаян көрсетілді.Қыз балалар жасқанбай өздерін толғандырып жүрген, түсінбейтін жайттарды мамандардан сұрап, кеңес алды.
Отбасын жоспарлау деген не? Жүктілік қалай пайда болады? деген сауалдарды мамандар презентациялау арқылы қыз балалардың санасына жеткізді.
Мазмұнды, терең жеткізілген дәріс әр қызға ой салып, дұрыс өмір сүруді үйреткені сөзсіз. Осындай игілікті істер өз жалғасын таба береді...