Қаңтардың 10-нан бастап мектебімізде "Қамқорлық" акциясы өтіп жатыр.
Жалпыға міндетті оқумен толық қамтудың кезекті қалалық айлығы мен "Қамқорлық" қайырымдылық акциясы 2016 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпан аралығында жүргізілуде. "Қамқорлық" акциясы аясында оқушыларымызға демеушілік жасаған мектеп ұстаздары және ата-аналар комитеті. Аз қамтылған, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік пен киім-кешек және оқу құралдары табысталды. Алдағы уақытта да әлеуметтік көмек қажет ететін оқушылар мектеп әкімшілігінің бақылауында болып, арнайы көмек көрсетілетін болады.