Салалар
Талқылаулар
Новость
Ата-ана жиналысы
Жиналыста «Бала бағдаршамы – АТА-АНА» тақырыбында түрлі ата-аналарды толғандыратын өзекті мәселелер қарастырылды.
Мұғалім, ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынас
1 «Ә» сыныбының ата-аналарымен жиналыс өткіздім. Осы жиналыста «Бала бағдаршамы – АТА-АНА» тақырыбында түрлі ата-аналарды толғандыратын өзекті мәселелер қарастырылды. Жиналыс жүргізу барысында ата-аналар белсенділік танытып, өз пікірлерін ортаға салып, ойларымен бөлісіп отырды, жақсы атсалысты. Бала, ата-ана, оқушы бір үштік болғандықтан, біздің проблемамыз да ортақ. Жиналыста өзекті мәселелерді шешу мұғалімге де, ата-анаға да тиімді, маңызды көмек.

Қазіргі заманда адам баласының бақытты болуы үшін: не керек деп ойлайсыздар?. Кейбір ғалым адамдар былай дейді: Негізгі бес нәрсе тікелей қатысты болуы:
• Ата-ананың жақсы болуы;
• Ұстаз жақсы болуы;
• Мамандықты дұрыс таңдауы;
• Сүйген жармен одақтасуы;
• Өз балаларыңның болуы керек;

Осы факторлар тек отбасында ғана бақытты болуы емес, әрине бүкіл адамзаттың өмірін жақсартуға арналған факторлар. Өмірде адам баласының яғни, жеке адамның өзін-өзі шынайы бақытты, тәуелсіз екенін сезінуіне көмектесетін қандай факторлар қажет деген сұрақтар, әсіресе, мектеп жасындағы балаларда пайда болады. Көбінесе орта, жоғарғы буын оқушыларында туады. Бұл сұраққа былай жауап беруге болады: әр дені сау адам «мен» деген атқа ие болғанда, алдында қандай мақсат қоя және оны орындау керек екенін біледі. Сол алға қойған мақсат арқылы өмір сүру керек екенін біледі. Біз баламен жұмыс істейміз, балаға кеңес береміз. Сондықтан балаға өз мақсатына жету жолы оңай еместігін түсіндіру керек. Қандай жолдар, қандай қиыншылықтарға соқтығысуы мүмкін екенін түсіндіру керек. Бір балада қиыншылықтар мүлдем болмауы мүмкін, ал екіншісінде аяқ қойған жерде. Сондай жағдайда жеңілмеу керектігін айтып, «ұстаз» деген атақты ұмытпай өмірдің күшті жағын көрсету, айту біздің міндет, парызымыз. Балаларға аңыздар оқып бере отырып, өмірден түңілмеуін, жеңілмеуін айта отырып, талдата отырып, образдық жағдаяттар арқылы өзіне деген сенімін арттырып отыру керек. Мысалы:
"Екі бақа” туралы аңыз
Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шығалмайтынына көзі жетіп, қақтығыспай өліп қалады. Ал екіншісі, шығалмайтынына көзі жетіп тұрса да, қақтығысқанының бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бірақ, аяғында қаймақ, әлгі бақаның секіргенінен, қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді.
Отбасының әлеуметтік мәселесіне педагогикалық - психологиялық тұрғыда моральдық көмек беріп, ата-анамен жақсы қарым-қатынаста болу бұл біздің міндетіміз, өтеулі парызымыз.
1 «Ә» сынып жетекшісі: Сулейменова А.К.