Салалар
Талқылаулар
Новость
«Зерттеу арқылы ғылымға жол ашамыз» атты ғылыми конференциясы өтті
30 қаңтар күні қалалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлерінің «Зерттеу арқылы ғылымға жол ашамыз» атты ғылыми конференциясы өтті. Жас зерттеушілеріміздің ғылымға деген қызығушылығына тәнті болдық.
30 қаңтар күні қалалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлерінің «Зерттеу арқылы ғылымға жол ашамыз» атты ғылыми конференциясы өтті. Жас зерттеушілеріміздің ғылымға деген қызығушылығына тәнті болдық.
Қазіргі заманғы технологиясы, робототехниканы адамзатқа қызмет етуге бағыттауда 4-сынып оқушысы Садвакасов Амир үлкен мүмкіндікке ие болса, болашақ зиянсыз энергияны зерттеуде өзіндік жаңалықты 2-сынып оқушысы Асқарова Райым ашқан. Қазақ халқының баға жетпес байлығы «Айтыс» өнерін зерттеуде 6-сынып оқушысы Мақсұтова Аружанның зерттеуі жоғары бағаға ие болса, қазақ батырлары туралы мультфильмдердің болашаққа берер пайдасы көп екендігін 3-сынып оқушысы Мақсұтов Алихан зерттеп шыққан.
Мектебіміздің барлық оқушылары, атап айтсақ: Серікова Зере, Барлықбаев Арыстай, Әуесбек Олжас, Әбдисалим Ақбота, Арина және Сагинова Раушандардың ғылыми жобалары тыңдалып, талқыланды. Зерттеуші оқушыларға ғылым мен білім биігіне шығуға талпынуына тілектестік білдірдік. Билығы жылы мектебімізден 10 оқушы қалалық ғылыми жобалар сайысында жетістікке жетті. Бұл – үлкен жетістік. Жас зерттеушілерімізге тілек білдіріп, оларды қолдауға келген ЕҰУ ғалымдарына айтар алғысымыз мол.
Дарынды оқушыларымыздың алар биік асулары алда деп білеміз.