Салалар
Талқылаулар
Новость
Жалпы мектепішілік әкелер жиналысы өтті
29.01.2016 жылы сағ 18.00-де «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» тақырыбында жалпы мектепішілік әкелер жиналысы өтті.
Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана, қала берді қоғам. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала үлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» немесе «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл сөздер тегін айтылмаған. Осыған орай, мектепте 29 қаңтарда «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» тақырыбында әкелер жиналысы өтті. Жиналысқа Алматы ауданы Ішкі істер жергілікті полиция қызметкерінің аға инспекторы, полиция майоры Әбжанов Әскер Жанабайұлы қатысып, «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. «Ұл бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» тақырыбында белгілі ақын, айтыскер, көптеген Республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері, филология ғылымының кандидаты, Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы Балғынбек Имашев және мектеп түлегі айтыскер ақын Мейіржан Әлібеков сөз алып, соңынан өз шығармашылығынан өлең оқыды. Мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Шакен Тұрар Саттарқызы «Ұлды тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз»тақырыбында баяндама жасады. Жиналыс барысында әкелерге бала тәрбиесі туралы видео-фильмнен үзінділер көрсетілді.