Салалар
Талқылаулар
Новость
Мемлекеттік тіл аясында өткізілген іс-шара
Мектебімізде "Фолькролық стилі" тақырыбында мемлекеттік тіл аясында өткізілген іс-шара өтті.
Мектебімізде "Фолькролық стилі" тақырыбында мемлекеттік тіл аясында өткізілген іс-шара өтті.
Бүгінгі сайысымыздың мақсаты:
Талай ғасырлар жемісі – ауыз әдебиетінің әлемін өскелең ұрпаққа ұғындыру. Фольклор әлемінің кейіпкерлері мен ерекшеліктерін оқушылар арасындағы сайыс арқылы жеткізу.
Қазақ ауыз әдебиеті – халық өмірінің көркем шежіресі. Ауыз әдебиетінің түрлері өте көп. Олардың барлығы да жақсылық жасау, еңбекті сүю, ақылды, білімді болу,ел бірлігін сақтау сияқты ізгі ойларды көтереді. Сондай – ақ жаманшылықтан, жауыздықтан, жалқаулықтан, білімсіздәіктен, алауыз болудан жирендіреді.
Сайыстан соңғы қорытынды сөз әділқазы алқасының мүшелеріне берілді.
Құрметті оқушылар бүгінгі «Қазақ фольклоры әлемінде» атты сайыста №10 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушыларының қазақ фольклорына деген білімдерін сараптай отырып мынадай қорытындыға келіп отырмыз.
І-орын 6 «Г» сынып оқушылыры иеленді.
ІІ-орын 6 «Б» сынып оқушылыры иеленді.
ІІІ-орын 6 «В»сынып оқушылары иеленді.
Бұл сыныптардың барлығы «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Ал қалған сыныптар қатысқаны үшін деген «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Әділ-қазы мүшелерінің келешекте өтетін сайыстарға берген ұсыныстары.
а) Барлық оқушылар сайысқа қатысу барысында тәртіп сақтап, сахнада өздерін ұстап жүру, қандай тақырыпқа дайындалса да, көрермендерге тіке қарап, қағассыз, мүдірмей өз сөздерін анық айта білу.
ә) Сол сыныптың жанкүйерлері тәртіпті сақтап, қандай болмасын жауапты шуламай, қол көтеріп, сыныбын атап айтуға тиісті, не дегенмен әр дұрыс жауап ұпаймен есептелініп отыратынын ұмытпауы керек.
б) Көрермен ретінде келген сынып оқушылары, сынып жетекшісімен бірге мәжіліс залына кіріп, ол жерде сайыстың басынан аяғына дейін тәртіп сақтаулары керек.


