Салалар
Талқылаулар
Новость
Көрнекілік құралдар көрмесі
Көрнекілік құралдар көрмесі
2016 жылдың 28 қантар күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте көрнекілік құралдар көрмесі өтті. Көрме материалдары 7 номинацияға бөлінді: авторлық шығармашылық, дидактикалық материалдар, электрондық оқулықтар, қосымша электронды ресурстар, тест тапсырмалары, буклеттер, көрнекілік материалдар. Мектептегі 10 әдістеме бірлестік мұғалімдері көрме аясында өз шығармашылық туындыларымен бөлісті. Бастауыш сынып мұғалімдері, қазақ, орыс, ағылшын тілдері, математика, физика, информатика, тарих, биология, география пәндері мұғалімдері жоғары белсенділікпен көрмеге қатысты. Математика, физика және информатика пәндерінің ӘБ жетекшісі Кожахметова А.Д. барлық мұғалімдерінің қатысуын қамтамасыз етіп, көрменің өткізуіне үлкен көмек көрсетті. Мектеп ұстаздары көрме арқылы тәжірибе алмасу, жас мамандарға көмек көрсету мүмкіндік алды.
ҒӘЖ жөніндегі директордың орынбасары Алибекова Г.З.