Салалар
Талқылаулар
Новость
Құттықтаймыз!!!
Қалалық «Батырлар жыры» мәнерлеп оқу сайысына қатысып, ІІІ орын иеленген 5«В» сынып оқушысы Сабыржанова Гүлнұр Талғатқызын және жетекшісі қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі Бахыт Сыдыхқызын құттықтаймыз. Еңбектеріңізден шығармашылық табыс тілейміз.
Сайысқа Сабыржанова Гүлнұр Талғатқызы өзі жазған "Ана" атты өлеңімен қатысты.
ӨЗ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Ана
Ана деген жан ғой ол ардақты,
Анаң болса есептей бер бар бақты
Ал болмаса анаң егер сен болар,
Анасы жоқ жетім, сорлы қазағымның баласы,
Сондықтанда құрметтейік,сыйлайық,
Алла берген, бағымыз бен байлықты.
Ана деген, өміріңнің тірегі
Ана деген, көңіліңнің тілеуі
Кей адамдар ойланыңдар толғаныңдар,
Аналарды құрметтеуге барыңдар.
Ана деген, сөздің мәнін білесің бе?
Ана деген, сөздің құнын білесің бе?
Ана деген, ол адам ғой ардақты,
Ана деген, ол адам ғой жан-жақты.
Анашым-ау, көз алдымда қартаясың,
Анашым-ау, дәл алдымда құлаясың.
Анашым құламашы, қартаймашы?
Жастығымды тек сен ғана саялашы.
Туған жер
Туған жерім менің туған жерім
Айнадай жарқыраған туған елім
Жас мекенім бақ мекенім Астанам
Құшағыңнан гүл кетпеген бас қалам
Жырақ кетсем сағынамын өзіңді
Күн бермеген сәуле берген жүзіңді
Туған жерім тек өзіңсің Астана
Жүрегімнің тәңірі сен Астана
Туған жер кіндігімнің қаны тамған
Бір өзің деп жыр жазамын, ән де салам
Жанға жылу жүрекке қуат берер
Туған жерден алыстасам сағынам
Менің сыныбым
Сыныбым менің қадам басқан білімге
Береді сол сыныпта тәртіпті де тәлім де
Сенемін мен жақын болар сыныбы
Әр баланың қадам басқан білімге
Сол мектепте еңбек етер ұстаздар
Білімнің бар баланың жол бастар
Айтады ақыл менен кеңесті
Сәбилерге сан сезімге ой тастар!