Салалар
Талқылаулар
Новость
Мәңгілік жастық жыршысы
2016 жылдың 4- ақпан күні 10 сынып оқушыларымен Ұлттық Академиялық кітапхананың «Өнер» залында
2016 жылдың 4- ақпан күні 10 сынып оқушыларымен Ұлттық Академиялық кітапхананың «Өнер» залында ақын Т. Молдағалиевтің 80 жылдығына орай «Мәңгілік жастық жыршысы» атты әдеби кездесу кеші болып өтті.

Іс-шара кіру дәлізінде алдымен Ұлттық Академиялық кітапханамен, оқу залдарымен, кітап қорымен таныстырылудан басталды.
Іс шараның мақсаты: Оқушыларды қазақтың біртауар дарынды ақыны Т. Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы кеңінен таныстыра отырып, шығармаларының маңызына бүгінгі күн тұрғысынан талдау жасау.

Әдіскер Г.Б. Ихсанова оқушыларға ақынның өмірі, өскен ортасы, отбасы, алған тәрбиесі жайлы қызықты деректер айтты. Оқушылар ақын жайлы өздері білетін деректерді ортаға сала отырып, ақын жайлы бейнебаянды тамашалады.
Әдеби кеште ақын, тілші Т. Молдағалиевтің ақын шәкірті, өмірінің соңына дейін жанында болған Ауыт Мұқибек оқушыларға ақынмен алғаш қалай танысқаны, бірге болған сәттер, ақынның адамгершілік тұлғасы жайлы әңгімелеп, ақынның өлеңдерін оқып берді.
Оқушылар да өздерінің жатқа білетін өлеңдерін оқыды, кеш қонағына ақын шығармашылығына қатысты сұрақтар берді.Сонымен қатар, кеш барысында Т. Молдағалиевтің өлеңдеріне жазылған әндер тыңдалды.Өлеңмен арнау, халықпен сырласу – Тұманбай Молдағалиевтің творчестволық әдісіне, сүйікті жанрына айналғандығы айтылды.

Ақын жүрегінен жалын боп атқан жыр оты жыр сүйер қауымға,әсіресе өмірге енді қанат қаққалы отырған жас оқырмандардың ойына ой, жүректеріне мұқалмас қайрат қосты. Іс шараның соңында оқушылар Т. Молдағалиевтің шәкірті, ақын, тілші Ауыт Мұқибектен қолтаңба алды.