Салалар
Талқылаулар
Новость
«Біз өмірді таңдаймыз» қалалық акция тізгіні біздің мектепте...
«Біз өмірді таңдаймыз» қалалық акция тізгіні біздің мектепте...
Астана қаласы Білім басқармасының бастамасымен қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіздіктерге қарсы жауап ретінде оқушылардың өмірге деген құштарлығын ояту, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Біз өмірді таңдаймыз!» атты қалалық іс-шара қолға алынған болатын.
Аталмыш іс – шара № 72 мектеп-лицейден бастау алып, ол эстафета № 73 мектеп-лицейге тапсырылды. 2016 жылдың 10 ақпанында № 73 мектеп-лицейде өткен акцияға мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толқын Батырбайқызы, мектеп психологы Аяулым Кенжебекқызы мен мектеп Ұланбасы Турлаш Гүлзада барып, эстафетаның логотипін қабылдап алды.
Енді алдағы күндері мектебімізде он күн бойы акцияға байланысты іс-шаралар өтеді және эстафета тізгіні келесі мектепке тапсырылады. Барлық оқушыларды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.