Салалар
Талқылаулар
Новость
Құқықтық сауаттылық- баршаға ортақ
2016 жылдың 12 ақпаны күні 6 «Б» сыныбында «Pravo» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып «Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру мақсатында өткен тәрбие сағатында аталған тақырып көлемінде түрлі жұмыс түрлері қамтылды. Әсіресе, бірлестік заңгері «Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы Заңдары мен Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актілерi» жайлы жүргізген пікірталас пен бірлестік психологы жүргізген тренингтерге оқушылар белсене араласып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Тақырып көлемінде көптеген мәліметтер келтіріліп, оқушылар өздеріне таныс әдеп ережелерін атап өтті.
Сабақ соңында сынып жетекшісі «Жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру үшін не істеу керек?» деген сауал төңірегінде оқушы ойларын тыңдап, тақырыпты қорытындылады.


