Салалар
Талқылаулар
Новость
Әсерге толы саяхат сабағы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы №6 «Менің Отаным Қазақстан» республикалық туристік жорықтар мен экспедицияларды ұйымдастыру туралы қаулысын орындау және жасөспрімдерді Отансүйгіштікке, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу,рухани-тарихи мұраларды сақтау және танып білу мақсатында 12 ақпан күні мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары Астана қаласы Жас саяхатшылар станциясымен бірлесе өткен саяхат сабағында Елордамыздың көрікті жерлерін тамашалап,бейбітшілік және келісім сарайында болып келді.Саяхат барысында Астананың көрікті ғимараттарының тарихы және көше атауларының тарихы туралы мәліметтер алды.Оқушылар саяхат сабағынан үлкен әсер алды. Өлкеміздің көне тарихы мен даму тарихын оқушыларға танып білуге үлкен көмек болар саяхат сабақтары тағы да жалғасатын болады.

