Салалар
Талқылаулар
Новость
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу
Құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында 12 ақпан күні мектебіміздің 6-7 сынып оқушыларына «Право» қоғамдық қоры негізіндегі «Шанс» ӘҚҚО-ның заңгерлері О.Артықбай, М.Даутов және психолог Қ.Ахметова «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктері» тақырыбында тренинг жүргізді. Жасөспірімдер арасында күш көрсету, әлімжеттік, қорқытып алу сияқты жағдайлар орын алғанда ҚР Қылмыстық кодексі бойынша жауапқа тартылатындығы айтылды. Құқық бұзушылық әрекетті қалай жеңуге болатындығын оқушылармен бірлесе ойын түрінде ұтымды қарастырды. Өскелең ұрпағымыз білімді, әрі құқықтық сауаттылығы жоғары болса, еліміздің болашағы жарқын болмақ.
