Салалар
Талқылаулар
Новость
Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы апталығы туралы ақпарат
№ 55 орта мектепте 01-12 ақпан аралығы Өзін-өзі тану пәні бойынша Өзін-өзі тану: "Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты апталық болып өтті. Барлық сынып ашық сабақтар және ашық тәрбие сағаттарын өткізе білді. Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәні бойынша аптылығының ашылуы туралы салтанатты жиыны болды.Ұйымдастырушы Молдалиева Жанар Шүкірәліқызы оқушыларға өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаева екені туралы айтты.
№ 55 орта мектепте 01-12 ақпан аралығы Өзін-өзі тану пәні бойынша Өзін-өзі тану: "Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты апталық болып өтті. Барлық сынып ашық сабақтар және ашық тәрбие сағаттарын өткізе білді.
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәні бойынша аптылығының ашылуы туралы салтанатты жиыны болды.Ұйымдастырушы Молдалиева Жанар Шүкірәліқызы оқушыларға өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаева екені туралы айтты. Оқушыларға жоспарланған іс-шаралары туралы ақпарат берілді, балалар достық, махаббат, мейірмділік туралы өлеңдер оқыды. Бастауыш сынып оқушылары достық туралы ән айтты. 
Апталықта балалар суреттерінің және қолдан жасалған өнімдердің, ашық хаттар байқауы, «Алтын жүрек анамыз» атты кітап көрмелері, «Мейірім төгетін ана» мәнерлеп оқушылар байқауы және «Адамгершілік. Мейірімділік. Жалпы адамдық құндылықтар» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды.

Ақпанның 12 -сі күні «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің салтанатты жабылуы онда онкүндіктің қорытындысы шығарылды. Іс-шара бағдарламасында жеңімпаздарға грамоталар, алғыс хаттар, сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. 




Сонымен қатар, үздік өзін-өзі тану кабинеттері анықталды. Іс-шара мектеп оқушыларының концертімен аяқталды.