Салалар
Талқылаулар
Новость
«Қамқорлық» акциясы
Астана қаласы балалардың құқығын қорғау комитетінің «Жалпыға міндетті оқу айлығы мен «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы» 29.12.2015 жылғы №12-3/1729 хаты және мектептің 10.01.2016 жылғы №02 бұйрығы негізінде 2016 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында Жалпыға міндетті оқу айлығы мен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өткізілді.
Айлықты өткізу жоспары құрылды, үндеухаттар шығарылды, барлық сыныптардың қатысуымен «Қамқорлық» тақырыбына плакаттар жасалды. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы оқушылар, «Тәуекел» тобында, ЖПҚ ЮПТ және мектепішілік есепте тұрған оқушылар, қолайсыз отбасылардың мәліметтер банксы жаңартылды. Мектепте 224 оқушы оқиды, оның ішінде көпбалалы отбасынан 12 оқушы, 7 жетім бала, ЖПҚ ЮПТ есебінде 19 оқушы, мектепішілік есепте және «Тәуекел» тобында 5 оқушыдан, қолайсыз отбасыларда 6 оқушы.

Жоспарға сәйкес 9.02.2016 жылы жалпы мектептік ата-аналар жиналысында мектеп психологы Кафизова А.Ш. «Отбасы тәрбиесінің маңыздылығы» туралы баяндама жасады. Ата-аналар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды қойып, мектеп ұжымынан жауаптарын алды. Барлық сыныптарда «Қайырымдылық адамгершілік белгісі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Жалпыға міндетті оқу айлығы мен «Қамқорлық» акциясын өткізу барысында «Жалпы оқумен қамту» қорынан әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға оқу-құрал жабдықтары түрінде 20 000 теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Қамқорлықсыз қалған балаларға ай сайын жолақы билеті беріледі. Бюджеттен тыс көмек қаражатынан 10 000 теңгеге киім-кешек берілді. Көмек алған оқушылар: Бородин Василий (9 а), Шурбенков Григорий (9 а), Добрынин Данил (9 а), Тишинский Константин (9 а), Дрожжин Спартак (9 а), Корниенко Георгий (10 б), Герберт Анна (10 в), Сарсенбаев Роман (10 г), Янышева Анастасия (11 а), Байхатов Айбол (11 ә), Шостак Александр (11 г).
Әлеуметтік педагог А.М. Адилханова, мектеп инспекторы А.Т. Бимжановпен «Қамқорлық», «Түнгі қаладағы балалар», «Саяжай» атты рейдтерін жүргізді. Бұл рейдтер кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге темекі және ішімдіктер сатылмауын қадағалау және тыйым салуды насихаттау, сонымен қатар оқумен қамтылмаған балаларды анықтау және жасөспірімдер еңбегін қанау жағдайларын байқау мақсатында жүргізілді. Сонымен қатар сынып жетекшілерімен бірге қолайсыз отабасылардағы оқушыларды, себепсіз сабақтан қалып жүрген оқушылардың тұрмыс- жағдайын тексеру мақсатында мекен-жайлары араланды. Ата- аналарына өз міндеттерін дұрыс атқармаған жағдайда әкімшілік кодекстің 127 бабы бойынша жазаланатындары ескертілді.
Жалпыға міндетті оқу айлығы мен «Қамқорлық» республикалық акциясын өткізілуі туралы ақпарат мектеп сайтында жарияланды.