Салалар
Талқылаулар
Новость
Қыз елдің көркі
Қазақ халқы қыз баланы әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп
Қазақ халқы қыз баланы әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға көптеген керемет суреттемелер берген.Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей» т.б. Бүгінде мектебімізде қыздарымыз өз шеберліктерін танытып жүр. Әрине оған жетекшілік жасап, баулып жүрген ұстазымыз Сыздыкова Гүлмира Бақытжанқызының ерең еңбегінің арқасы десек артық айтпаспыз. Міне, оған дәлел биылғы «Шаттық 2016» байқауына қатысып дипомант атанды. Бұлда үлкен еңбектің арқасы.
