Салалар
Талқылаулар
Новость
Жаратылыстану әдістемелік бірлестігі пәндерінің 9 ақпан мен 17 ақпан аралығындағы өткен онкүндігі
Мектеп жұмысының жоспары негізінде, мектеп директоры бекіткен жоспар-кестесіне сәйкес 09 ақпан мен 17 ақпан аралығында «Әлем жаратылыстану ғылымдар тілінде» атты онкүндік өткізілді.
Мектеп жұмысының жоспары негізінде, мектеп директоры бекіткен жоспар-кестесіне сәйкес 09 ақпан мен 17 ақпан аралығында жаратылыстану әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Әлем жаратылыстану ғылымдар тілінде» атты онкүндік өткізілді.
Онкүндікке 5-10 сынып оқушылары қатысты. Онкүндікті ашу және өткізу жарияланған жоспарға сай жүргізіліп, кабинеттер мен мектеп безендірілді. Бұл іс-шара оқушылардың тек пәнге деген қызығушылығын ғана қалыптастырмайды, олардың шығармашылыққа деген белсенділіктерін оятып, қарым-қатынас дағдыларын дамытады
Апталық аясында бұл пәндер бойынша оқушының танымдық қабілетін арттырып, пәнге деген қызығушылығын тереңірек дамыту, оқушылардың бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, өз денсаулығы үшін өздері жауапты екенін ұғындыру, оқушыларды экологиялық мәдениетке және табиғатқа сақтаушылықпен қарауды тәрбиелеу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілді. Апталық барысында ашық сабақтармен қатар, сыныптан тыс іс-шаралар мен саяхаттар да өткізілді
Онкүндіктің ашылуы 09.02 күні «Әлем жаратылыстану ғылымдар тілінде» атты онкүндіктің жоспарымен таныстырудан басталды. Қамтылған сыныптар: 5-10 сыныптар.
7-9 сыныптар арасында үздік қабырға газеттері сайысы өткізілді. Қабырға газеттерінің тақырыптары: 7-сыныптар «Табиғат-адамзаттың алтын бесігі», 8-сыныптар «Жаратылыстану әлемі», 9-сыныптар «Отандық өнім-халық денсаулығы». Қабырға газеттері сайысына барлық сыныптар қызығушылық танытып, белсене қатысты.
Сонымен қатар «Мұхиттар әлемі» (интеллектуалды ойын), «География әлемі» («брейн-ринг» интеллектуалды ойыны), «Отандық өнім-халық денсаулығы» (таным-жорық сабақ), «Қызықты география» (сайыс сабақ), «Білгір химиктер» (сайыс сабақ), «Биология әлеміне саяхат» (5 сыныптарға арналған сабақтастық сабағы), «Жәндіктер әлемі» (интеллектуалды ойын) атты сыныптан тыс шаралармен қатар жас мамандар тарапынан мына тақырыптарда «Балықтар», «Балықтардың кәсіптік маңызы» ашық сабақтар өткізілді.
Жоғарыцда аталған іс-шараларды өткізуде «Ұстаздың еңбегі шығармашылықтан тұрады» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, әр оқушыны қазақ елін дамытушы, әлемдегі дамыған елдермен тепе-теңдіккежетуге ат салушы тұлға екендігін ашып, бағыттадық. Сыныптан тыс іс-шараларға және ашық сабақтарға қатысқан мұғалімдер оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын байқатқаны, мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен педагогикалық біліктілігінің, сабақты жүргізудегі қолданылған әдістердің нәтижелілігі жайлы пікір алмасып, оң бағаларын берді.
17.02.16 күні химия-биология онкүндігінің жабылуы, онкүндік аясында белсенділік танытып, өз білімдерімен көзге түскен оқушылар ынталандыру сыйлығы мен мақтау қағаздарымен марапатталды. Химия, биология пәндерінің онкүндігі мектеп оқушыларының зейіні мен білімге деген құштарлығын арттыру мақсатында түрлендіріліп өткізілді. Онкүндік кезінде мектептің жас мамандары тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасты. Өздеріне қажетті ақпараттарды алды. Білімді де сапалы, саналы заман талабына сай жас жеткіншектерді білімді, алғыр, еліміздің нағыз ұлтжанды азаматтары мен азаматшаларын тәрбиелеуде химия, биология пәндерінің алатын орны зор. Сондықтан қазіргі заманауи техника АКТ тиімді пайдаланып ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарды мейлінше қызықты етіп өткізуге бар күш жігерімізді салдық. Осындай онкүндіктер жиі өткізіліп тұрса оқушы бойында өз ағзасында болып жатқан құбылыстарды түсінуге, табиғатты аялауға деген құштарлығы басым болар еді.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |







