Салалар
Талқылаулар
Новость
Қалалық "Шаттық-2016" Дельфилік ойындарының қорытындысы
Балалар мен жасөспірімдер арасында өткен «Шаттық - 2016» ашық шығармашылық қалалық байқауының қорытындысы.
2016 жылғы 15-20 ақпан күндері Астана қаласы білім басқармасы М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы мен №1,2,3 Балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен Х балалар мен жасөспірімдер арасында «Шаттық - 2016» ашық шығармашылық қалалық байқауы өткізілді. Мектебімізден байқауға Аспапты ансамбль, Аспапты соло, хор, халық әні, эстрадалық ән, халық биі, бейнелеу өнері, фотосурет, театр, киім дизайны номинациялары бойынша өтті. Осымен 10 жыл қатарынан «Шаттық» шығармашылық қалалық байқауының бағдарламасын арқау еткен «Шаттық-2016» ашық шығармашылық қалалық байқауы жаңа таланттарға жол ашуда. «Шаттық-2016» байқауы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы және Шаттыққа 10 жыл толуына орай өтті.«Шаттық-2016» қалалық байқауының шығармашылық сайыстарына 13 жанр бойынша 118 бала қатысты.
Алтын медаль иегері:
Номинация: Фотосурет. Балташ Азат – 5М сынып оқушысы Жетекшісі: Омаров Мақсат Манарбекұлы.
Күміс медаль иегерлері:
Номинация: Халық әні 10А сынып оқушысы Жақып Бекарыс жетекшісі: Бошымова Майраш Сұлтанқызы және Жолдыбеков Тәуір Сейітбекұлы.
Номинация: Хор әні. Жетекшісі: Клименко Алла Анатольевна.
Номинация: Киім дизайны. Жетекшісі Рамазан Балжан Сағындыққызы.
Номинация: Киім дизайны. Жетекшісі Рамазан Балжан Сағындыққызы.
Қола медаль иегерлері 10-15 жас категориясы бойынша:
Номинация: Аспапты ансамбль. Жетекшісі:Сапарғали Ахметжанов.
Номинация: Вокал (эстрадалық соло). 8Б сынып оқушысы Бакарамов Жанболат. Жетекшісі: Бошымова Майраш Сұлтанқызы.
Номинация: Вокал (эстрадалық соло). 8Б сынып оқушысы Бакарамов Жанболат. Жетекшісі: Бошымова Майраш Сұлтанқызы.
Номинация: Киім дизайны. Жетекшісі: Ләззат Атыбай Әбділдәқызы
Дипломанттар:
Номинация: Аспапта жеке орындаушы 6А сынып оқушысы Бердібек Шыңғыс. Жетекшісі: Сапарғали Ахметжанов.
Номинация: Бейнелеу өнері. 8Ә сынып оқушысы Сейдахметұлы Ердос. Жетекшісі: Қауіпбаева Ғалия Сейітқызы.
Номинация: Театр. «Нұр»балалар театры: Жетекшісі: Ембергенов Бақытжан Сәбитұлы.
Номинация: Фотосурет 11А сынып оқушысы Барланов Ерхан. Жетекшісі: Омаров Мақсат Манарбекұлы.
Номинация: Хореография. Жетекшісі: Тоғызбаева Юлия Анатольевна.
Барлық «Шаттық-2016» байқауына қатысқан мектебіміздің оқушылары өздерінің армандарымен, жоспарларымен бөлісіп, мектеп мәртебесін биіктен көрсете отырып, өз мектебіне, туған қалаға және сүйікті мемлекетімізге, біздің тамаша ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасына деген шын, жылы сезімдерімен бөлісті.
![]() |
||
