Салалар
Талқылаулар
Новость
«Жүрек жылуы»
«Жүрек жылуы» қайырымдылық концерттің
өтілуі туралы анықтама
2015- 2016 оқу жылы
«Жүрек жылуы» қайырымдылық концерттің
өтілуі туралы анықтама
2015- 2016 оқу жылы
Қаңтардың 29-да мектебіміздің мәжіліс залында өзін- өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы» қайырымдылық концерті өтті. Біздің мектепте соңғы 2 жыл қатарынан осы қайырымдылық концертін ұйымдастырып келеді. Мұндағы біздің басты мақсатымыз - балаға қамқорлық жасау, яғни ата-ананың қамқорлығынсыз қалған оқушыларға (5 оқушы) рухани демеу көрсету болып табылады.
Жансаң көзі қарақты Қиналғанды аңғарар Өзіңнен сөз тарапты Жақсылыққа жалғанар, -
дей отыра мектебіміздің жұлдыздары мен ұстаздары өз өнерлерін көрсетті. 7 сынып оқушылары «Жетімдер» фильмінен үзінді көрсетті, ал Маккаби Фариза «Сәби бақыты» әнің орындағанда көрермендердің көзіне жас келді.
Жас жұлдыздарымыз, 7 сынып оқушыларының қыздары үнді биімен, 8 сынып оқушылары Жабыл мен Берік көрермендерді өз өнерлерімен таң қалдырды. Олардың сахнада көрсеткен өнерлері қонақтарымыз бен көрермендерге тамаша көңіл- күй сыйлады.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері, жас маман Касенова С.Н., Сапарғазы Г.Қ., Нұрғапа А.Н. оқушылраға тосынсый жасап, «Америкадан келген Супер әжелер» позитивті флешмоб- биін ортаға ұсынды. Оқушылар керемет қолдау көрсетті. Қайырымдылық концерт 8 «В» сынып қыздарының «Полосы жизни» биімен аяқталды.
