Салалар
Талқылаулар
Новость
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Астана қаласы
№ 24 орта мектеп
Мектепішілік ата- аналар жиналысының өткізілуі туралы анықтама
2015- 2016 оқу жылы
Астана қаласы
№ 24 орта мектеп
Мектепішілік ата- аналар жиналысының өткізілуі туралы анықтама
2015- 2016 оқу жылы
2016 ж. ақпанның 5-де мәжіліс залында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы аясында «Туған шаңырағынның жылуы мен жарығы» тақырыбында мектепішілік ата- аналар жиналысы өтті. Жиналысқа арнап балалардың суретінен көрме ұйымдастырылды. Жиналысымызды Маккаби Фаризаның орындауында «Сәби бақыты» әнімен аштық. Күн тәртібінде белгіленген сұрақтар бойынша мектеп психологтары Тапенова А.А., Табарова К.Б. отбасылық тәрбие туралы ақпарат беріп, ата- аналарға балалармен қарым- қатынас құру бағытындағы кеңестер берді. Ата- аналар жиналысын өткізу алдында бастауыш сынып оқушыларынан сұхбат алған болатынбыз және солардан шағын «Отбасым – асылым» бейнефильм жасалды. Ата- аналардың назарына аталған бейнефильм ұсынылды. Ата- аналардың көздеріне жас келді. Бейнефильмнен соң «Бала арманы мен тілегі» әлеуметтік ролик көрсетілді. Әлеуметтік педагог Қарабаева А.Т. «аз қамтылған отбасыларға» мемлекеттік көрсету тәртібімен және Астана қаласы мәслихатының 23.09. 2015 ж. №410/57-Ү шешімімен таныстырды (Астана қаласы оқушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсына тәртібі). Мектеп инспекторы Мамбеталиев Е.К. ата-аналарды Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 127, 434, 435, 442 (2 бөлім) баптарымен таныстырды.

Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: Г.Е.Сергазина