Салалар
Талқылаулар
Новость
«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы.
№ 24 орта мектепте «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының өткізілуі туралы ақпарат
2015- 2016 оқу жылы
№ 24 орта мектепте «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының өткізілуі туралы ақпарат
2015- 2016 оқу жылы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12-3/1729 хатын негізге ала отырып жалпыға міндетті оқумен толық қамтудың кезекті айлығы 2016 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында өткізлді. Астана қаласы Білім басқармасы 2016 жылғы 8 қаңтардағы №05 бұйрығы негізінде «Қамқорлық» қайырымдылық айлығының жоспары құрылып, мектеп директоры Сүндетов Ғ.Н. бекітілді.
- Мектебіміздің өзін- өзі басқару ұйымының басқаруымен І қабатта «Қамқорлық – игі іс» тақырыбында ақпараттық стенд әзірленді. Айлықтың жоспары, оқушылардың суреттері орналастырылды.
- Жалпыға міндетті оқумен толық қамтылуын анықтау мақсатында мектеп ұстаздарынан құрылған жұмыс тобы мектептің шағын учаскелердегі үйлерді аралады. Тапсырған мәлімет негізінде мектеп жасында, оқумен қамтылмаған бала анықталмады.
- Көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына, қорғанышсыз қалған балаларға демеушілер тарапынан әлеуметтік көмек көрсетілді. Атап айтқанда:
- Мектеп асханасының демеушілігімен (ЖШС «Вулкан) 20 оқушыға ыстық тамақ берілді

- Қаңтардың 27-де Пригородный кентінде орналасқан «Әлжан ана» мешіті тарапынан мектебімізде білім алып жатқан аз қамтылған, көп балалы отбасыдан шыққан 26 (жиырма алты) балаға қысқы киіммен көмек көрсетілді.


- Сапар Ақнұр, Оралбек Ақбота отбасына «Әлжан- ана» мешітінің демеушілігімен 15 мың теңге көлемінде азық- түлікпен көмек көрсетілді.
- Өзінің есімін жария еткісі келмеген демеушіден Парынбектер отбасына көмір түсірілді.
- Мектеп ұстазы атынан Чианұлы С. қысқы аяқ- киім берілді.
- мектептің 1 қабатында «Ас- адамның арқауы» қайырымдылық аспаздық жәрмеңкесі өтті. Шебер қыздар түрлі тағамдар дайындап, оқушылар мен ұстаздарға тәтті тағамдарын ұсынды

- Жәрмеңкеден жиналған қаражат «Қамқорлық» фондына жинақталып, кеңсе тауарлары алынып, аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан оқушыларға берілді. Жәрмеңке жоғары деңгейде өтті.

Қайырымдылық жәрмеңкеден түскен қаражат фондынан 5 оқушыға (ата- анасының қамқорлығынсыз қалған) кеңсе тауарлары табыс етілді.