Салалар
Талқылаулар
Новость
Ерлігі ұрпаққа өнеге
Тәуелсіз еліміздің жас азаматтары, еліміздің нағыз патриоттарын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлға тәрбиелеуде,ардагерлер ерлігін ұрпаққа үлгі ету мақсатында20 ақпан күні Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.Кездесу кешіне Ауған соғысының ардагерлері Сәбит Ақбаев,Әбілқасым Әбішев,Кәрім Әрінбеков қатысып, өскелең ұрпақ оқушыларымызға бейбітшілік өміріміздің негізгі құндылықтары екенін айта отырып, Отанымызды қастерлейтін тұлғалар болып қалыптасуға жол сілтеді.Кеш барысында мектеп директоры С.Нугуманова Ауған соғысы ардагерлерінің кеш қонағы болып келіп отырғанына алғыс білдіріп, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі. АӘД оқытушысы М.Тұржанов 10-11 сынып оқушыларымен әскери көрсетілім көрсетті. Көрсетілімде оқушылар Отанын қорғауға дайын екенін көрсете алды.
10 «Шаттық» қалалық байқауының дипломанттары кешіміздің шырайын келтіріп, әсем ән мен жақсы көңіл күй сыйлады. Оқушыларымыздың өнеріне тәнті болған кеш қонақтары шығармашылық табыс тілеп, мектеп ұжымының биік белестерден көріне беруіне тілектес екенін атап өтті.



