Салалар
Талқылаулар
Новость
2016 жылдың 15-18 ақпан аралығында Дельфийлік ойындар бағдарламасы бойынша X «Шаттық» қалалық байқауы өтілді.
2016 жылдың 15-18 ақпан аралығында Дельфийлік ойындар бағдарламасы бойынша X «Шаттық» қалалық байқауы өтілді. Шаттық – бұл тек жарыс қана емес, бұл талантты балалардың шығармашылығының жан-жақты ашылуы, бұл үздік педагогтардың, музыканттардың, хореографтардың қажырлы еңбектері арқасында құрылған балалар шығармашылығының шеберханасы.
Мектебіміздің оқушылары 8 жанрдың 8 номинациясы бойынша 2 жас санатта бәйгеге түсті. Байқауда Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы насихатталды.
Байқау нәтижесінде мектеп оқушылары 6 дипломға ие болды. Атап айтсақ: «Аспапта орындаушы» жанры домбырашылар ансамблі және жеке орындауда Сұлтан Алихан дипломға ие болды, жетекшісі М.Мөңкебаев. «Вокал» жанры бойынша эстрадалық әнмен 8 «А» сынып оқушысы Хамзин Руслан және хор бойынша оқушыларымыз дипломға ие болды, жетекшісі Ж.Жапарова. «Театр» жанры бойынша оқушыларымыз жақсы қойылыммен дипломға ие болды, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі М.Құрмашева. «Киім» жанры бойынша 7 «б» сынып қыздары ұлттық нақышта тігілген өз туындыларын көрсетіп, дипломға ие болды, жетекшісі Ж.Абдрахманова. Диплом иелерін құттықтаймыз!


