Салалар
Талқылаулар
Новость
2016 жылы 25 ақпан күні Астана қаласының №51 мектеп-гимназиясында Балтабаев Төлемырза Темірбекұлымен кездесу
«Төртінші билік» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, ақын
Балтабаев Төлемырза Темірбекұлымен кездесу болып өтті.
Балтабаев Төлемырза Темірбекұлымен кездесу болып өтті.
Мақсаты: мектептің жас ақындарына өздерінің төл туындыларын оқытып, шығармаларын белді ақынға, жас оқырман қауымға таныстыру, редактор, ақынмен ой бөлісу.
Кездесу мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің мұғалімдері Қожанова Нұргүл Тұрғанқызы мен Даулетова Замира Абубакиркызының ұйымдастыруымен өтті. Кездесуге 5-10-сынып аралығындағы жас ақын, мәнерлеп оқу шеберлері мен әншілері, мектеп директоры К.С.Дүйсенова, директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Л.С.Әбу, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қатысты. Кешті ҚТӘ ӘБ жетекшісі А.А.Алмабаева ашып берді де, сөз кезегін кеш қонағына ұсынды. Төлемырза Темірбекұлы оқушыларды «Төртінші билік» газетінің жұмысымен таныстырып, өзінің баспасөз әлеміне қалай келгенін баяндап берді. Өз кезегінде, «Жазбасаң саған серт, баспасам маған серт» деген ұранды тірек еткен газеттің бас редакторына жас ақындар өз қаламдарынан туған өлеңдерін оқыды, көкейінде туындаған сұрақтарына жауап алды.
Республикалық деңгейде 5 жылдан астам уақыт басылып келе жатқан «Төртінші билік» газетінің құрылымымен танысқан оқушылар, сөз өнерінің құдіретін тани білетіндіктерін байқатқаннан кейін, ақын, редактор Төлемырза Темірбекұлынан өз өлеңдерін газет басылымына шығаруға ұсыныс алды. Ал нақышына келтіріп ән шырқап, мәнерлеп өлең оқыған оқушылар, жеткен жетістіктерімен газет беттерінде болашақта көптеп көрінеді деген сенімге ие болды. Кеш соңында мектеп директоры Күнімхан Смағұлқызы Дүйсенова оқушылар мен келген қонаққа өз алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарда шығармашылық табыс тіледі.
Балтабаев Төлемырза Темірбекұлымен болған кездесу оқушылардың көңіліне қуаныш орнатып, «Төртінші билік» газетінің сандарын сыйлыққа алғандары бұл кездесуді мәңгі ұмытпастай етті.