Салалар
Талқылаулар
Новость
"Бастауышым балбұлағым" атты апталық қорытындысы
2016 жылы 15-25 ақпан күндері мектебімізде бастауыш сынып апталығы өткізілді. Апталық оқушылар жұмысын ұйымдастырудың заманауи жолдарына арналды.
Апталықтың мақсаты: «Жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту».
Оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра, рухани-адамгершілік, эмоционалдық және дене дамуын қамтамасыз ету керек. Сол себепті де бастауыш сынып мұғалімдері апталық жоспарын құра отыра, алдына келесі міндеттер қойды:
- оқушының оқуға деген оң мотивациясын қалыптастыру;
- сабақ және сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана отыра, барлық балаларды оқу және тәрбие үдерісіне тарту.
Өткізу принциптері: әрбір бала апталықтың барлық шараларына белсене қатысушы болып табылуы керек.
Апталық мынадай жоспарда құрылды:
1. Апталықтың ашылуы
2. Ашық сабақтар
3. «Қысқы табиғат көрінісі» сурет көрмесі
4. Пойми меня.логикалық ойын
5. «Әдемі жазу - өнер» көркем жазу байқауы
6. Жолда жүру ережесін білеміз бе?
7. Ең таза күнделік
8. Ашық тәрбие сағаттары
9. Апталықтың жабылуы.
Бастауыш сынып мұғалімдері ӘБ отырысында апталықтың жұмыс жоспарын қорытындылады.
Шара барысында өзін үздік көрсеткендер мадақтамамен марапатталды.
Барлық өткізілген ашық сабақтарда, тәрбие сағаттарында бастауыш сынып оқушылары белсене ат салысты.
Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:
Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды.
Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілік қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді.
Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларымен практика жүзінде танысты.
Соңғы күні оқушыларға арналған концерттік бағдарлама барысында үздік деп танылғын оқушыларды марапаттау рәсімі болып өтті.Оқушыларды белсенділікке тәрбиелеген ұстаздарды да марапаттау өткізілді.
2016 жылы 15-25 ақпан күндері мектебімізде бастауыш сынып апталығы өткізілді. Апталық оқушылар жұмысын ұйымдастырудың заманауи жолдарына арналды.
Апталықтың мақсаты: «Жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту».
Оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра, рухани-адамгершілік, эмоционалдық және дене дамуын қамтамасыз ету керек. Сол себепті де бастауыш сынып мұғалімдері апталық жоспарын құра отыра, алдына келесі міндеттер қойды:
- оқушының оқуға деген оң мотивациясын қалыптастыру;
- сабақ және сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана отыра, барлық балаларды оқу және тәрбие үдерісіне тарту.
Өткізу принциптері: әрбір бала апталықтың барлық шараларына белсене қатысушы болып табылуы керек.
Апталық мынадай жоспарда құрылды:
1. Апталықтың ашылуы
2. Ашық сабақтар
3. «Қысқы табиғат көрінісі» сурет көрмесі
4. Пойми меня.логикалық ойын
5. «Әдемі жазу - өнер» көркем жазу байқауы
6. Жолда жүру ережесін білеміз бе?
7. Ең таза күнделік
8. Ашық тәрбие сағаттары
9. Апталықтың жабылуы.
Бастауыш сынып мұғалімдері ӘБ отырысында апталықтың жұмыс жоспарын қорытындылады.
Шара барысында өзін үздік көрсеткендер мадақтамамен марапатталды.
Барлық өткізілген ашық сабақтарда, тәрбие сағаттарында бастауыш сынып оқушылары белсене ат салысты.
Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:
Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды.
Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілік қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді.
Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларымен практика жүзінде танысты.Соңғы күні оқушыларға арналған концерттік бағдарлама барысында үздік деп танылғын оқушыларды марапаттау рәсімі болып өтті.Оқушыларды белсенділікке тәрбиелеген ұстаздарды да марапаттау өткізілді.


