Салалар
Талқылаулар
Новость
Шетел тілі декадасы
15 – 24 ақпан аралығында №31 мектеп-гимназиясында шетел тілі декадасы өтті. Декада уақытында көптеген шаралар ұйымдастырылып, бірнеше ашық сабақтар өткізілді. Декадада шетел тілі мұғалімдерінің барлығы ат салысты.

Е.М Саенко, А.К Есілбаева, Г.Г Мурзакаримова секілді біздің тәжірибелі ұстаздарымыз, жас мамандарға және Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ-нен тәжірибеден өтуге келген студенттерге шеберлік сабақтар көрсетті. М.Б Сайлау, А.З Жунусова және А.Ж Кущанова секілді мектебіміздің жас мамандары да ашық сабақтар өткізіп, өздерінің жұмыс атқарымы мен заман ағымына сәйкес жаңа технологияны пайдалану икемділіктерімен бөлісті. Әр жыл сайын біздің мектепке Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ-нің студенттері тәжірибеден өтуге келеді. Биылғы жылы студенттердің тәжірибеден өту уақыты декадамен сәйкес келді. Университет өкілдері мен біздің шетел тілі ұстаздары бірлесіп, №46 мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар бойынша сыныптас тыс жұмыстар жүргізді. Бұл шарада университет студенттері шетел тіліне байланысты қандай факультеттер бар, сол факультетінде оқып жатқан студенттердің мүмкіндіктеріне қатысты ақпараттармен бөлісті. Ал мектеп оқушылары концерттік номерлер қойып, өздерінің ағылшын және неміс тілдерінде ән айту шеберліктерін көрсетті. Естелік ретінде барлық декада қатысушылары суретке түсті.
Шетел тілі мұғалімдері А.К Есілбаева және Г.А Бейсембекова педагог кадрларының біліктілігін арттырудағы үшінші деңгейлік курсынан өтті. Әдеттегідей олар осы курстардан жинаған тәжірибелерімен бөліседі. Осы жолы да олар ашық сабақ өткізіп, оқу ісінің меңгерушілеріне арналған қалалық семинарға қатысты. Сонымен қатар шетел тілі декадасына да белсене қатысты. Олар Lesson Studyді (зерттеу сабағы) қалай жүзеге асыру керек екендігі туралы сабақ өткізді. А.К Есілбаева және Г.А Бейсембековалардың өткізген сабақтарын әдістемелік бірлестік мүшелірі мен мектеп әкімшілігі өте жоғары бағалады. Біздің мектептің шетел тілі мұғалімдері өте тәжірибелі мамандар екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Декада жоғары әдістемелік деңгейде өтті.
Әдістемелік бірлестік мүшесі: Г.А Бейсембекова.
7 «Б» сынып оқушыларымен “English is easy” атты сыныптан тыс шарасы. Оқытушы: Г.А Бейсембекова

“Geographical position of Canada” атты 10 «Б» сыныбының ашық сабағы. Оқытушы: А.К Есілбаева

“Travelling all over the world” атты 5 «Б» сыныбының ашық сабағы. Оқытушы: Е.М. Саенко

“The first people were in Africa” атты 4 «Д» сыныбының ашық сабағы. Оқытушы: А.Ж Кущанова

“They had a farm” атты 4 «Б» сыныбының ашық сабағы. Оқытушы: А.З Жунусова

“Food and drinks” атты 2 «Д» сыныбының ащық сабағы. Оқытушы: Г.Г Мурзакаримова

Кәсіптік бағдар бойынша 10 сынып оқушыларымен сыныптас тыс шарасы. Оқытушылар: А.К Есілбаева, Р.К Адильбаева

“The world around us” атты балалар көрмесі