Салалар
Талқылаулар
Новость
Автомеханиктер декадасы аяқталды
Колледжімізде 15-25 ақпан аралығында «Автокөлікке қызмет көрсету, жөндеу және эксплуатациялау» мамандығы бойынша онкүндік декада болып өтті. Арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік шеберлері ашық сабақтар және түрлі байқаулар өткізді.

М.С. Исабеков «Рабочий цикл 4-х тактного двигателя» тақырыбында, Ю.С.Шуева 2 АТМ-114 тобында «Вставка и редактирование рисунков, схем и чертежей» тақырыбында, Т.Д.Жумажанов «Устройство и работа рулевых механизмов и приводов» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Сонымен қатар, Г.Н.Байгужина «Қоршаган орта мен табиғатқа адамның әсері» және З.К. Мухатов «Цилиндр блогының ақауын табу» тақырыптарында ашық сабақтар өткізіп, жаңашылдыққа толы сабақ түрлерін көрсетті. Автомеханиктер декадасының аясында оқыту өндірістік шеберлері А.К.Загипаров пен Е.К.Бегалин ЖШС «Subaru Astana Motor» мекемесіне студенттерге тәжірибелік саяхат ұйымдастырды. Бірінші курс студенттері кәсіпорын мамандарынан таңдаған мамандығы бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Автомеханиктер декадасын жоғарғы курс студенттері мен оқытушылардың ұйымдастырған концерттік бағдарламасымен аяқтады.
Шара қорытындысында «Мамандық бойынша ең үздік» номинациясы бойынша 3 АТМ-213 тобы 1- орын, 2 АТМ-114 тобы 2- орын, 1 АТТ-215 тобы 3- орынды иеленді.