Салалар
Талқылаулар
Новость
Студенттер кәсіпорын жұмысымен танысты
Өндірістік оқыту шеберлері А.К.Загипаров пен Е.К.Бегалиннің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 17 ақпанында «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу және эксплуатациялау» мамандығы бойынша оқитын 1 курс студенттері ЖШС «Gazcenter» мекемесіне саяхат жасады.
Өндірістік оқыту шеберлері А.К.Загипаров пен Е.К.Бегалиннің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 17 ақпанында «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу және эксплуатациялау» мамандығы бойынша оқитын 1 курс студенттері ЖШС «Gazcenter» мекемесіне саяхат жасады. Студенттерді қондырғылар желісі орталығының басқару жетекшісі Варвара Гутченко қарсы алды. Ол атаулы мекеменің басты және негізгі жұмыс кезін, қаламыздың экологиялық мәселесін шешудегі басты шешімдердің бірі - Астана қаласы көліктерінің бензиннен газға ауыстыру барысында қызмет көрсетуі туралы айтып берді.
Фирма қызметкері Евгения Ермолаева бензиннен газға ауыстыру барысындағы цех жұмысын студенттерге таныстырып өтті. ЖШС «Gazcenter» бөлім бастығы Ахмаль Туляков Италия мен Швейцарияның заманауи құрылғыларын көрсетіп, сонымен қатар қалай жұмыс істейтінін көрсетті.



