Салалар
Талқылаулар
Новость
Қалалық Мұқағали Мақатаев оқулары
Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында, азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр. ... Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай, Еңбегінің қызығын да көре алмай. От боп жанып өтіп кеткен ақынға Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай, - деп ақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ол – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына.

Ақпан айының 27 күні №48 мектеп-лицейінде дәстүрлі қалалық Мұқағали оқулары өтті. Бұл мүшәйрада қаламыздың 40-тан аса мектебінің өлеңсүйер оқушылары сынға түсті. Жыр додасына әділдік жүргізген сарапшы әділ-қазылар Ерғожа Тлепбердиев – Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Сәруар Камаева –филология ғылымдарының кандидаты, ЕҰУ доценті, ақын, Ержан Жаубай – «Арғымақ» порталының бас редакторы, Данияр Алдабергенов – жас айтыскер ақын төрелік жасады. Сайыс төрт бөлімнен тұрды:
«Менің пірім - Мұқағали» айдарында – оқушы Мұқағалидың бір өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқыса, «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап ...» айдарында оқушы өз төл туындысын оқып, жинағын әділқазылар алқасына ұсынды. «Жыр эстафетасы» айдарында үміткерлер «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек» поэманы жатқа айту арқылы өзара сынға түсті. Соңғы«Жырлайды жүрек» айдарында ақын шығармаларынанберілген өлең жолдарын ары қарай жалғастырып өздігінше тұжырымды, түйінді өлең туғызды.
Сайыс соңында өнер жолына түсіп, албырт та шығармашылық шабытын аша білген мыңнан жүйріктер танылды. Бас жүлдені №7 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Тахи Ұлдана иеленіп, ақиық ақынның туған жерінде өтетін республикалықМұқағали оқуларына жолдама алды. Жас өнерпазға Астана қаласының намысын абыроймен қорғап, жүлделі орынға жетуіне тілектеспіз.