Салалар
Талқылаулар
Новость
«Тәрбиеден тағылым» қалалық байқауы
Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында өткен «Тәрбиеден тағылым» атты қалалық байқауға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нуралиева Сырғагүл Сайлаубекқызы қатысып, жоғары кәсіби деңгейін, шығармашылығын көрсетті. Іс-тәжірибесін насихаттау және тарату мақсатында өткен байқау өз дәрежесінде болды.
Тақырыптық тәрбие сағаттарын өткізген сынып жетекшілері
- Амантаева.Л.Р.-1е
- Бижигитова А Ж.-1г
- Мұсабаева.С.М.-2а
- Нанаева.А.Ш.-5д
- АбдкаримоваБ.К.- 6ә
- БакеноваА.Б.- 7а
- ШетеноваЕ.Н.-9ә
- СмагуловаН.Б.-10ә – да таңдаған тақырыптары, патриоттық тәрбие берудегі рөлі, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудағы жүргізіп отырған кешенді жұмыстары көрсетілді. Сырғагүл Сайлаубекқызы байқау шарты бойынша өзін-өзі таныстырды,а та-аналардың қатысуымен жұмыс түрлерін, тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары бойынша жүргізген жұмыстарын көрсетті. Тәрбие жұмысы бойынша шығармашылық портфолиосы да қаралды.
Ел тарихы, жер тарихы-өзіміз
«Мәңгілік елдің» қасиетті көзіміз... деп өзінің мәңгілік мұратын таныстыруында шырқаған Сырғагүл Сайлаубекқызы өзін әр қырынан танытты. Байқауға ерекше атсалысқан «Шашу»би ансамбліне, драма, хор үйірмесіне, 6ә сынып оқушысы Құдайберген Қасиетәлі мен ата-анасына, 2в сынып оқушысы Әшірбай Мирасқа шексіз алғыс білдіреміз. Шығармашыл және ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектеріміз жемісті бола берсін!