Салалар
Талқылаулар
Новость
"Айтатын саған сырым бұл..."
"Айтатын саған сырым бұл...". Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған əдеби - сазды кешіміз өте керемет деңгейде өтті. Ақынның əр алуан тақырыптағы өлеңдерімен көрермендерді баурай білген шəкірттерім Жанерке, Нұрсұлтан, Мұхтар, Мөлдір, Жиһангер, Əсет, Еркебұлан, Аяулым, Данияр, Жамиля, Талғар, əріптесім Гүлзира Батырханқызы, кіп-кішкентай Мадияр жарады. Ақынға арнап өлең жазған Бақберген, Айжан, Жиһангердің талабы таудай екенін көрдім. Алима, Диас, Тұмар əн салғанда, еріксіз өзім де қосылып, сахнаға ере шықтым. Маған бір жағынан Мұқағалидың өлеңдері қанат бітірсе, екінші жағынан шəкірттерімнің қара өлеңге деген құрметі еріксіз бас идірді. Осындай шəкірттеріммен мақтанамын... қазақ болғаныма, Мұқағалидай "аққу-əнге айналған ақынның" ұрпағы екеніме мақтанамын!!!
Айтатын саған сырым бұл...
Мектебімізде осындай атпен қазақтың таңғажайып ақыны, өлең өнерінің биік шыңын бағындырып, халық жадында мәңгіге сақталған дарынымыз Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби – сазды кеш өтті.
Әдеби – сазды кеш барысында Мұқағалидың: «Сезім», «Қызық өмір», «Өмір дейтін...», «Поэзия», «Біздер жетімдерміз», «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев», «Қара өлең», «Тілектеске», «Жоқ, дәрігер», т.б. өлеңдері оқылды. Мұқағалидың сөзіне жазылған «Бала ғашық», «Айтатын саған сырым бұл», «Сенің көзің», «Есіңе мені алғайсың» әндері орындалды.
Қаламы қарымды, өлең жазуға талаптанып жүрген дарынды шәкірттеріміз ақынға арнаған жүрекжарды өлеңдерін оқыды.
Мектеп директоры Құралай Амангелдіқызы әдеби – сазды кешке қатысып, өлеңге құмар шәкірттерге ризашылығын білдірді. Әсіресе, Мұқағалидың «Қара өлеңін» мәнеріне келтіре оқыған 1 – сынып оқушысы Аманбеков Мадияр көрерменнің ыстық ықыласына ие болды.
Бұл әдеби – сазды кешке 9 «А», 10 «Ә», 11 «А», 6 «Г», 4 «А», 7 «Б», 9 «Б» сыныбының оқушылары белсене атсалысты.
