Салалар
Талқылаулар
Новость
«Мектеп аруы – 2016» мектепішілік байқауы
2015 – 2016 оқу жылы наурыз айының 1 – і күні 8 – 9 сынып оқушыларының арасында «Мектеп аруы – 2016» мектепішілік байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт – дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Байқауға 8 – 9 сыныптардан бір оқушыдан қатысты.
2015 – 2016 оқу жылы наурыз айының 1 – і күні 8 – 9 сынып оқушыларының арасында «Мектеп аруы – 2016» мектепішілік байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт – дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Байқауға 8 – 9 сыныптардан бір оқушыдан қатысты. Олар:
1. 8 «А» сыныбы Төреқұл аяулым
2. 8 «Б» сыныбы Липисей Регина
3. 8 «В» сыныбы Богомолова Татьяна
4. 8 «Г» сыныбы Купеева Асемгуль
5. 8 «Д» сыныбы Байкенова Бахытгуль
6. 9 «А» сыныбы Мұхамедиярова Салтанат
7. 9 «Ә» сыныбы Кайырбекова Дильназ
8. 9 «Б» сыныбы Горячая Наталья
9. 9 «В» сыныбы Корбаницкая Кристина
10. 9 «Г» сыныбы Молчанова Марья
Байқау жеті кезең бойынша өтті. 1) Таныстыру. 2)Музыкалық номер 3) Үй тапсырмасы 4) Сұрақ – жауап 5) Дефиле 6) Ең үздік құттықтау 7) Үздік жауап. Әділ – қазы мүшелері болып қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Таскулова А. К., ардагер ұстазымыз Файзуллина Р. К., директордың мемлекеттік тілдер жөніндегі орынбасары Крыкпаева Г. Р.
Байқау барысында қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды, ән айтты, би биледі, өздері дайындаған тағамдарын, қолөнер бұйымдарын әділ – қазы алқаларына таныстырып, өзара сайысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Мектеп аруы – 2016» ГРАН ПРИ иегері 8 «Б» сынып оқушысы Липисей Регина, ІІ орын 9 «Г» сынып оқушысы Молчанова Марья, ІІІ орын иегері 9 «А» сынып оқушысы Мұхамедиярова Салтанат және қалған қатысушыларымыз әртүрлі номинацияларымен марапатталды. Қайырбекова Дильназ «Білімді ару», Төреқұл Аяулым «Ақылды ару», Купеева Асемгуль «Сәнді ару», Горячая Наталья «Талантты ару», Корбаницкая Кристина «Өнерлі ару» Байкенова Бахытгуль «Көрікті ару», «Көрермен көзайымы» Богомолова Татьяна ие болды.