Салалар
Талқылаулар
Новость
WorldSkills Kazakhstan
2016 жылдың 11 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің Кәсіптік-техникалық колледжінде 18-20 жас аралығындағы Астана қаласы кәсіпорындарының жас мамандары, кәсіптік және техникалық білім беру колледждері студенттеріне арналған WorldSkills Kazakhstan чемпионаты өтті.
2016 жылдың 11 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің Кәсіптік-техникалық колледжінде 18-20 жас аралығындағы Астана қаласы кәсіпорындарының жас мамандары, кәсіптік және техникалық білім беру колледждері студенттеріне арналған WorldSkills Kazakhstan чемпионаты өтті.
Чемпионаттың мақсаты қалалық кәсіби конкурстарды өткізу арқылы кәсіби дайындық және біліктілік стандарттарын, жұмысшы мамандарының мәртебесін арттыруға және дәріптеуге бағытталған. Чемпионаттың жұмысына Білім басқармасының, ішкі саясат Басқармасы, Астана қаласының әлеуметтік қорғау және еңбек, жұмыспен қамту басқармасы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік өкілдері, кәсіпкерлер Палатасы өкілдері қатысты. Білім басқармасының ТжКББ бөлімінің жетекшісі С.Қ.Басығараева WorldSkills Kazakhstan қалалық чемпионатын салтанатты түрде ашты. Чемпионат қатысушыларына құттықтау сөзін КЕАҚ «Холдинг «Кәсіпқор» басқарма төрағасының міндетін атқарушысы А.Т.Ахметова жолдады. «WorldSkills Kazakhstan» өткізуінің ерекшелігі туралы Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Г.М.Тасмағанбетов айтып кетті. Салтанатты бөлімінің аяқталуынан кейін чемпионат қатысушылары жеті құзыреттілік бойынша жұмыс істеді. Олар: «Мейрамхана сервисі», «Аспаз ісі», «Кондитер ісі», «Дәнекерлеу технологиясы», «Мектепке дейінгі тәрбие», «Киім дизайны», «Шаштараз өнері».
Әр құзыреттілік бойынша жас мамандар мен үздік студенттерді анықтауға және чемпионаттың сапалы өткізуін қамтамасыз етуге арналған ұйымдастырушылар және сарапшылар жұмыс істеді. 


