Салалар
Талқылаулар
Новость
Мерекелік концерт
Мектебімізде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты кеш өтті.

Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.
Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!
Мектебімізде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты кеш өтті. Мерекелік концертке оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар қатысты. Кештің мақсаты: аналар мен аруларға құрмет көрсету, мерекелік көңіл-күй сыйлау. Мектебіміздің директоры Жаркенов Бауржан Қаппарұлы арулар мен әйелдер қауымына жылы лебізін білдіріп, құттықтау сөз айтты. Іс-шараны оқушылардың дайындаған тақпақтары, әндері мен билері жалғастырды.

