Салалар
Талқылаулар
Новость
Қалалық "Шаттық - 2016" жасөспірімдер байқауы
Біздің Дарынды балаларға арналған 81 " Astana English School " гимназиясының оқушылары "Шаттық" фестиваліне қатысып, өз өнерлерін паш етті. Гимназиясының кіп - кішкентай ару қыздары Дария мен Аймарал қалалық "Шаттық - 2016 "Ұлттық дельфийлiк ойындарына қатысып, Тұрған Айгерімнің киім үлгісін көпшілік назарына ұсынды. Тəуелсіздіктің 25 жылдығына арналған "Бəйтерек " көйлегі және "Шаттық" байқауының 10 жылдығына арналған "Бақыт құсы" көйлегі. Жарайсыңдар, балапандар! Жетекшісі : Сүлейменова Динара
Біздің биші қыздарымыз кеше "Шаттық -2016 "Ұлттық дельфийлiк ойындарына қатысып келді. Қыздарымыз екі бидi де абыроймен орындап шықты. Жарайсыңдар! Жетекшісі: Катубекова Гүлнұр
Бүгін Дарынды балаларға арналған 81 " Astana English School " гимназиясының оқушылары қалалық "Шаттық - 2016" Ұлттық дельфийлiк ойындарының 3 - күнінде театр өнері бойынша өнерлерін көрсетіп келді. Шəкірттерімізден үлкен үміт күтеміз.