Салалар
Талқылаулар
Новость
Математика пәнінен «Зерде» ауызша олимпиадасы
№9 «Зерде» дарынды балалар мектебі базасында Астана қаласы білім беру мекемелерінің 5-6 қазақ сыныбы оқушылары арасында 2016 жылғы 28-29 наурыз аралығында математика пәнінен қалалық ауызша «Зерде» олимпиадасы өтетінін хабарлайды.
"Астана дарыны" ӨҒПО "Зерде" дарынды балаларға арналған мектебінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 01-11 хатына сәйкес оқушылардың жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жақсарту мен пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтап, олимпиада резервін құру мақсатында №9 «Зерде» дарынды балалар мектебі базасында Астана қаласы білім беру мекемелерінің 5-6 қазақ сыныбы оқушылары арасында 2016 жылғы 28-29 наурыз аралығында математика пәнінен қалалық ауызша «Зерде» олимпиадасы өтетінін хабарлайды. Олимпиадаға әр параллельден 2 оқушыдан қатыса алады.
Олимпиада екі кезеңнен тұрады, әр кезең әр күні, яғни 2 күн өткізіледі:
I кезең - жазбаша түрде (1-күн);
II кезең – ауызша түрде (2- күн). Ереже қосымшада.
Олимпиада жүлдегерлері бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады. Олимпиада жеңімпаздары Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне түсуде басымдылық құқыққа ие болады.
Олимпиадаға қатысу үшін тапсырыстар 20 наурызға дейін ақпараттық хат негізінде e-mail: zerde07@mail.ru электрондық мекенжайға жіберіледі.