Салалар
Талқылаулар
Новость
Имаммен кездесу
Қазіргі таңда жастардың дәстүрлі емес діни ағымдар туралы білімдерінің төмендігі және деструктивті-экстремистік ұйымдарға жас ұрпақтың көптеп тартылуы бірінші кезекте шешілуі керек басты
Қазіргі таңда жастардың дәстүрлі емес діни ағымдар туралы білімдерінің төмендігі және деструктивті-экстремистік ұйымдарға жас ұрпақтың көптеп тартылуы бірінші кезекте шешілуі керек басты мәселе болып табылғандықтан, мектебімізде имаммен кездесу өтті. Кездесу барысында имам бүгінгі күні қоғамдағы жастар арасындағы өршіп бара жатқан түрлі жағымсыз қылықтар жөнінде айтып, жаман әдеттерден аулақ болуды, және дұрыс бағытпен жүруді, ата-ананы құрметтеуді, ата-бабамыздың ұстанып келе жатқан ислам дінін уағыздап ынтымақ пен бірлікке шақырды. Және де ислам дінінің адамзатты ынтымаққа, өзара түсіністікке, бір-біріне деген сүйіспеншілікке бастайтындығын, сондай-ақ, Құран Кәрім аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінің басым көпшілігі бірлік пен бауырмалдыққа шақыратындығы айтып түсіндіріп берді.
Шара соңына қарай оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын имамға жолдап, толымды жауаптар алды. Мектеп оқушылары мен ұстаздары бас имамға алдағы уақытта осындай мәні мен мазмұны терең кездесулерді жиі өткізіп тұруын өтінді.
