Наурыз айының 11-14 аралығында Астана қаласында "LUCKY PEOPLE" халықаралық өнер және спорт ассоциациясының ұйымдастыруымен би өнері бойынша "Танцевальная Фиеста" деген атаумен халықаралық конкурс-фестиваль өтті.
Наурыз айының 11-14 аралығында Астана қаласында "LUCKY PEOPLE" халықаралық өнер және спорт ассоциациясының ұйымдастыруымен би өнері бойынша "Танцевальная Фиеста" деген атаумен халықаралық конкурс-фестиваль өтті. Мың бұралған бишілер байқауына мектебіміздің "Тұмар" би ансамблі 7-9 жас ерекшелігінде хореография, эстрадалық би номинациясы бойынша қатысып, жүлделі ІІІ орынды еншіледі. Бүлдіршіндерімізді биге баулыған жетекшісі Альпиева Айгүл Болатқызына алғысымызды білдіреміз!