Салалар
Талқылаулар
Новость
Мектеп аралық турнир
22 наурыз «Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне байланысты , наурыз айының 11-12 күндері №65 мектеп-гимназиясында дене шынықтыру пәні мұғалімдері Камзин А.А және Умаров Д.С ұйымдастыруымен волейболдан оқушылар(қыздар) арасында мектеп аралық турнир өткізілді.
22 наурыз «Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне байланысты , наурыз айының 11-12 күндері №65 мектеп-гимназиясында дене шынықтыру пәні мұғалімдері Камзин А.А және Умаров Д.С ұйымдастыруымен волейболдан оқушылар(қыздар) арасында мектеп аралық турнир өткізілді. Ашылу салтанатына мектебіміздің директордың оқу-ісі бойынша орынбасары Елекеева Нұргүл Жақсыбековна қатысып, болашақ спортшыларымызға сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі. Бұл турнирге қаламыздағы №1 мектеп – лицей , №18 мектеп , №44 мектеп , №52 мектеп – гимназия , № 55 мектеп, Назарбаев зияткерлік мектебі , №73 мектеп – лицейден келген барлығы 8 команда қатысып, жарысқа бәсекелестікпен қызықты Екі күнге созылған турнирдің қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынды - №18 мектеп , 2 орынды - №44 мектеп , 3 орынды №55 мектеп командасы иеленді. №65 мектеп – гимназиясының 10 «Л» сынып оқушысы Штанбек Айгерім турнирдың үздік ойыншы болып танылды. Мұндай спорттық жарыс түрлері әр мерекеде өткізіліп тұрса, спорт жағынан бәсекелестік те, қызығушылық та басым болар еді.