Салалар
Талқылаулар
Новость
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі
Ата – бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлеріне құлақ салалық, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, қандай ғанебет болар еді
Ата – бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлеріне құлақ салалық, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, қандай ғанебет болар еді. «Наурыз» күн мен түн теңеліп, жергегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған.
Жаңа жылды, Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні Қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, « нұр жауды », «туар жыл нұрлы болады », « Наурыздың ақша қарындай » деп әсем теңеулер айтып, « ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады » - деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.
Ұлыстың Ұлы күні « көлденеңнен шөпке жан бітіп » қырда саршұнақ інінен қылт етіп, бір көрініп, қайтадан ініне кіріп кетіп, жер беті әбден жылығанда шығады дейді. Әрине бұл мереке біздің аяулы мектебімізде де аталып өтілді. Ұстаздарымыздың оқушыларға біліммен қоса тәрбие беруде аянып қалмай, бар мейірімімен қарайтынын оқушылары сезетіні анық. Оның айғағы 2 «Е» сыныбының оқушылары 22 наурыз мерекесіне орай мерекелік концерт ұйымдастырды. Оқушылар тақпақ пен өлең айтып би билеп , салтымыздың «Тұсау кесу» рәсімін тамашаладық.

