Бүгін 1 «Г» сыныбында «Наурыз - Думан» атты тәрбие сағаты өтті.
Бүгін 1 «Г» сыныбында «Наурыз - Думан» атты тәрбие сағаты өтті. Наурыз тойының өтуіне ақ орамалды әжелер мен аналар, әкелер де ат салысты. Тәрбие сағаты Аружанның «Наурыз-Думан» әнін шырқаудан басталды. Оқушылар Наурыз жайында өлеңдер оқып, мешін жылында тарихта болған оқиғаларды айтып берді, ән салды. Қыздар қазақтың ұлттық биі «Қамажайды» мың бұрала билеп, одан әрі «Қара жорға» биімен жалғастырды. Тәрбие сағатының келесі бөлімінде ата-аналар 4 топқа бөлініп, қазақтың бала тәрбиесіне арналған салт- дәстүрлерін көрсетті. Атап айтқанда, «Шілдехана» дәстүрі, ондағы сүйінші, балаға ат қою, мойын ет жеу жайында айтылса, келесі топ «Қырқынан шығару» дәстүрін көрсетті, үшінші топ «Бесікке салу» дәстүрімен жалғастырды. Сайысты төртінші топ «Тұсау кесу» дәстүрімен аяқтады. Ата – аналар бұл дәстүр не үшін, неге және қашан орындалатынын оқушыларға көрсетіп, түсіндіре білді. Оқушылар ұлттық салт дәстүрлермен танысып, ұлттық ойындар «Арқан тартыс», «сақина салу» ойындарын ойнады. Ұлыстың ұлы күні барлығымызға құт-береке, елімізге тыныштық әкелсін!