Бүгін мектебіміздің акт залында "Армысың, әз Наурыз!" атты мерекелік кеш өтті.
Бүгін мектебіміздің акт залында "Армысың, әз Наурыз!" атты мерекелік кеш өтті. Төл жаңа жылымыз саналатын думанды кешті мектеп директоры Шәріпхан Қажытайұлы ашып, ақ сақалды қария Нұржан Жанай атамыз батасын берді. Оқушылар көрініс қойып, әндер шырқады. Жоғары сынып оқушылары қазақы салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, әдет-ғұрыптарымызды көрсетті. Мысалы, 9 "А" сыныбы "Қыз ұзату", 9 "Б" сыныбы "Бесікке салу", 10 "А" сыныбы "Беташар", 10 "Ә" сыныбы "Тұсау кесер" рәсімдерін көрермендерге қойылым ретінде көрсетті. Мерекелік кештен кейін қонақтар ауыл-ауылды аралап наурыз көжесін ішті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Шабкенова С.Ж.