Салалар
Талқылаулар
Новость
Армысың, әз Наурыз! Береке мен ынтымағы жарасқан мейрам.
Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту мақсатында мектебімізде 1-11 сыныптар арасында береке мен ынтымағы жарасқан мейрам аталып өтті. Бастауыш сыныптар ата-аналардың қатысуымен салт-дәстүрдің барлық түрін мазмұнды өткізді.

7 «А», жетекшісі: ҚапшаеваГ.А. 7 «А», жетекшісі: Бакенова.А.Б, 6 «Ә», жетекшісі Абдулкаримова Б.Қ., 5 «Г» жетекшісі Шонова.А.Қ. сыныптарын ерекше атап өтуге болады. Ұлыстың ұлы күні мектебіміздің есігін қуанышпен ашты. Оқушылар әзірлеген көріністер, ұлттық ойындар, салт-дәстүр (қыз қуу,бесікке салу, тұсау кесу) ерекше болды. Наурыздың нағыз сәні наурыз көже екеніне оқушылардың көзі жетті.
Оқушылар наурыз көжеге су қосқаны - өмір, сүт қосқаны - ақ мол болса денсаулыққа да кепіл деген деп тамаша пікірлер айтты.
Наурыздан наурызға жете берейік!