Салалар
Талқылаулар
Новость
Наурызым- мерекем, наурызым - берекем
Бүгін бастауыш сыныптарда «Наурызым-мерекем, наурызым - берекем» атты Ұлыстың Ұлы күніне арналған тәрбие сағаты өтті.
Наурызым- мерекем, наурызым - берекем
Бүгін бастауыш сыныптарда «Наурызым-мерекем, наурызым - берекем» атты Ұлыстың Ұлы күніне арналған тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшісі Айтпанова Клара Тасболатқызы келген қонақтар мен оқушыларды, ата-аналарды, ұстаздарды Ұлыс күнімен құттықтап, тәрбие сағатының мақсатымен таныстырды.Мақсаты - оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін,оның тарихын,өнерін,мәдениетін қастерлеуге баулу, қазақтың салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту,сөйлеу шеберлігін жетілдіру,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,сахналау өнеріне баулу.
Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам.Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мерекесіне айналған. Наурыз – бақтың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп,көктем келеді.Тіршілік басталады.Ол - малдың қыстан аман шығуы,оның өсіп-өніп төлдеуі.Қазақ халқы үшін Наурыз үлкен мейрам-жаңа жыл болып саналған. Бұл - Ұлыстың ұлы күні.Ақ түйенің қарны жарылған күн.Наурыз күн мен түннің теңелер мезгілі.Қар еріп,жер жүзі көктеп,көгеріп,тіршілік атаулыға жан бітіп,жасаратын шақ.Бұл ата-бабаларымыз үй-үйді аралап,Наурыз көжеден дәм тататын күн.
22-наурыз-аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп,күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп,адамдардың аузы аққа тиетін,жер үстіне шаттық орнаған күн.
Тәрбие сағатында халқымыздың тамаша салт дәстүрлерінің бірі тұсаукесер тойы көрсетілді.
-Тұсау кесер дәстүрі мағыналы,
Атам қазақ салтының ағын әні.
Бата беріп сәбиге аталары,
Болашаққа тілекпен апарады.
Аяғына жіп байлап одан кейін,
Тұсау кесер ауылдың апалары.
Жіппен кесу мәнісін жаттап алғын,
Дұрыс болар есіңде сақтағаның.
Ата- әжелер айтады жас балаға,
Ала жібін ешкімнің аттамағын.
«Тұсауыңды кесейін,күрмеуіңді шешейін»-деп сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген ниетпен жасалатын ғұрып, әрі ырым, тұсау кесер көрінісін тамашалаңыздар.
Күлгенің де той сенің,
Жүргенің де той сенің.
Қызықтасын халайық,
Тұсау кескен бұл күнің
Есте қалсын, жарқыным.
-Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы ішегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы ішек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады. Бүгінгі күні Қалима әжеміз немересі Саматұлы Диастың «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, оқушыларға салт-дәстүрді таныту, үлгі-өнеге ету және қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде өткізді. Диастың тұсауын сыныбымыздағы Ғабдолланың атасы, елімізге сыйлы азамат, мәдениет қайраткері, айтыс ақыны, жазушы, драматург Баянғали Әлімжанов кесті. Тойға шашу шашылып, бата берілді. Жортуыл Асылғалидың анасы – Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының әртісі Арайлым Рахым тойға ән шашуын арнады. Тәрбие сағатына мектеп директоры Дүйсенова Күнімхан Смағұлқызы қатысып, қорытындылады.Оқушылар қол күрес, асық ойындарын ойнады. Келгендер наурыздың мол дастарханынан дәм татып, аналар наурызкөже таратты.