Бүгін мектебімізде 5 "А", 5 "Ә", 5 "Б" сыныптарының бірігіп ұйымдастыруымен "Наурыз - жыл басы!" деген тақырыпта мерекелік іс-шара өтті.
Бүгін мектебімізде 5 "А", 5 "Ә", 5 "Б" сыныптарының бірігіп ұйымдастыруымен "Наурыз - жыл басы!" деген тақырыпта мерекелік іс-шара өтті. Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсеткен, оны құрметтей білуге тәрбиелеген шараның қызығы мол болды. Ұлттық билеріміз биленіп, дәстүрлі әндеріміз шырқалды, күмбірлеген күй де шертілді. Сонымен қатар ата-аналардың қатысуымен "Бесікке салу", "Асық ойыны", "Тұсау кесер" сияқты әдет-ғұрыптарымыз көрсетілді. Кеш соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Жамалиқызы өнер көрсеткен барлық оқушыларға алғысын айтып, ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.