Салалар
Талқылаулар
Новость
Мектепте «Жан ана»атты 8 наурыз мерекесіне арналған шара өтті
7 наурыз 2016 жылы Мектепте «Жан ана»атты8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған мерекелік шара өтті.
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе - күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқара бермек. Біздің мемлекетімізде аналар отбасының ұйытқысы ғана емес, қоғам өміріне және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау, жол көлік, құрылыс, байланыс,телекоммуникация тағы басқа көптеген салаларда әйел замандастарымыз еселі еңбек еткендерін ескермеуге болмайды,тек алдағы күндері жетістіктері көп болсын.
Бүгін жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін сепкен Аналар күні! Жылы шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша азаматтың көңілін жадырата келген 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Жан ана!» атты салтанатты мерекенің алғашқы сөзін мектеп директоры Сыздықова Базаркүл Сағындыққызы алып, ұстаз аналарымызды қошеметпен сахна төріне шақырып ерекше ықыласпен құттықтап, шын көңілден марапаттарын табыстады.
Мектептегі өнерлі оқушылардың дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасқан шараға жиналған көпшілік мерекелік көңіл-күймен тарқасты.