Салалар
Талқылаулар
Новость
Мектепте Наурыз мейрамы тойланды
2016 жылғы 18 наурызда мектепте 1-11 сыныптар арасында өткен Ұлыстың Ұлы күніне орай ұйымдастырылған мейрам жоғары дәрежеде өтті.
2016 жылғы 18 наурызда мектепте 1-11 сыныптар арасында өткен Ұлыстың Ұлы күніне орай ұйымдастырылған мейрам жоғары дәрежеде өтті. Көзделген басты мақсат – оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, имандылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін, тілін, дінін қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының ежелден сақталып келе жатқан, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрі - Наурыз мейрамының тойлануына бұл киелі шаңырақта үлкен мағына беріледі. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында әр сыныпта өткізілген іс-шара барысында мың бұралған бишілер, саз дауысты әншілер бір-бір ауылға шоғырланып, мерекенің сәнін аша түсті. Қолданбалы қолөнер бұйымдары көрмесі, ұлттық ойындар, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардан қойылған көріністердің қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлеуге, кішіпейілділікке, инабаттылыққа, мейірімділікке, тәрбиелеудегі мәні зор болды. Халықта батаның түрлері көп. Солардың бірі – мектебіміздің ұстаздары Сапарғали Ахметжанұлы, Дәмеш Өмірбекқызы, Дариға Омарбайқызы бастаған үлкендеріміздің дастархан батасын айтып, оқушыларға өз ізгі тілектерін жеткізе білуі. Ұлттық тағамдардан жайылған дастархан басына жайғасып, Наурыз мерекесіне орай дайындалған 7 түрлі дәм салынған, дәмі тіл үйірер наурыз көжеден дәм таттық. Сары уыз, бауырсақ, құймақ сынды қадірлі астан ауыз тию құрметі де бұйырды. Әр сыныптың өнерпаз оқушылары да өз өнерлерін аямай ортаға салып жатты. Бұл мерекеге ата-аналар қауымдастығының да қосқан үлесі зор. Оқушылардың ұлтық киім киіп, өнер, салт-дәстүрден көріністер көрсетуі ұлттық, патриоттық тәрбие берудегі маңызы зор. Атап айтқанда 5 м сыныбында өткен тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті. Оқушылары әр түрлі аспапта өнер көрсетіп, би билеп, ән салды. Оқушылар, ата-аналар, сынып жетекшісі Омаров Мақсат Манарбекұлы ұлттық киім киіп, қонақтарды әнмен қарсы алды. Сонымен қатар 6ә сыныбында өткен тәрбие сағатын айтып өтпеу мүмкін емес.Барлық сыныптар арасынан ерекшеленді. Сынып жетекшісі Қалқанбаева Марфуға Қалқаманқызының дайындаған тәрбие сағаты өте жақсы өтті. Оқушылар, ата-аналар, ұстаздарды ауылға бөліп, дастарханға отырғызып, келген қонақтарды ауылдың алты ауызын айтқызып, әнмен қарсы алды. 6а,8б,8г,11а сыныптарында қолданбалы қолөнер бұйымдары көрмесі жақсы жиниқталған. Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардан қойылған көріністерді жақсы көрсеткен сыныптар: 1б, 11б, 8в, 9в, 9г, 9д, 6ә, 6м, 8д, 9а, 9ә. Ұлттық тағамдардан жайылған дастарханда ерекшеленген сыныптар:8а,8б, 10а, 10б, 10в, 7в, 11в, 11ә, 7г.Ұлтымыздың болашағын жасайтын жастарымызға тәрбие беретін ана, қуат беретін әке, білім беретін мекеме мақсаты бір болса, ұлтжанды азаматтарымыз баршылық болып, ел болашағы алаңсыз болар еді. Қазақтың қазақ екенін, тәуелсіз мемлекет екенін дәлелдейтін бірден-бір мереке - Наурыз болуға тиіс. Наурыз - Қазақстан атты шаңырағымыздың ұлттық мерекелерінің нағыз қайнарына айналарына сенімдімін. Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын, ағайын!
![]() |
![]() |
|
![]() |
![]() |



