Салалар
Талқылаулар
Новость
Интегралды сабақ кәсіптік білім беру саласында
2016 жылдың 15 наурыз айында орыс тілі пәнінің оқытушысы Н.З. Негметжанова және арнайы пәндер оқытушысы Л.Д. Холова үйымдастыруымен интегралды сабақ өткізілді. Сабақ тақырыбы: «Приготовление жареных блюд из мяса. Заимствованные слова».
Жоспар бойынша сабақ 1 ОПП-115 тобы, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімінде берілді. Топ төрт топшаға бөлініп жүмыс жасап, үпай жинады. Сабақта қолданған әдісітері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, жазбаша жұмыс, іздендіру, топпен, жекеше жұмыс.
Бір пәннен бір пәнге назар аударылып, студенттердің өткен сабақтағы алған білімдерін тиянақтай отырып, оқытушылар студенттердің танымдық қызығушылықтарын, өзіндік ойлауды, белсенді оқу әрекетін қалыптастырып сабақтың дамыту мүмкіндіктерін іске асыра білді. Қолданылған әдіс-тәсілдері тиімді, жаңа тақырып өткен тақырыптармен байланысты.
Оқытушылар сабақты ұйымдастырып, уақытты үнемді қолданды, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі өте байланысты. Жұмыс әдістері мен тәсілдері, білім, білік, дағдылары, шығармашылықпен қолдана алуі қалыптасуда. Сабақ өмірмен, кәсіби тәрбиемен, еңбекпен байланысты.
Студенттер сабаққа белсенді қатысып, білім біліктерін көрсете білді. Сабақ қойылған мақсатына жетіп, қатысқан әріптестерімен жоғары бағаланды.