Салалар
Талқылаулар
Новость
01.04.2016ж. "Үштұғырлы тіл"
Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева гимназияға келіп, оқу процесімен танысты. Гимназияда ағылшын тілін терең оқытуға және дамытатын оқытудың жаңа мазмұнын жасауға баса көңіл бөлінген. Дариға Назарбаева ағылшын тілі сабақтарына қатысып, сабақтардың өте жоғары деңгейде өткендігін және аз уақыт аралығында оқушылардың ағылшын тілін жетік сөйлей алатындығын, мұғалімдердің сабақ беру әдіс – тәсілдерінің әр түрлі формада жүргізілгендігін атап өтті.
Гимназия тынысымен танысқаннан кейін педагог кадрлармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында, «Жаңадан білім алу керек, оның басым бөлігін ағылшын тілінде. Бүгінде халықаралық деңгейге сай жаңа кәсіптік стандарттар әзірленіп жатыр. Сондықтан мектептер, колледждер, университеттер бүгіннен бастап жұмыс істеуге дайын кәсіпқойларды оқытып шығаруы керек, біздің жастар күнделікті өмірде қажетті машықтарға ие болуға тиіс. Ағылшын тілін білу, компьютерді кәсіби меңгеру, ақпараттық технологиялар бойынша базалық білім – ең қажеттісі осы, - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары.
Сонымен қоса, Д. Назарбаева бес күндік білім беру жүйесіне ауысу мәселесін көтерді. ҚР Премьер-министрінің орынбасары бес күн оқыған жағдайда, бірінші сынып оқушылары 1 маусымға дейін, тіпті, маусымның ортасына дейін оқуы мүмкін екендігін жеткізді.
- 1 қыркүйекте мектепке баратын бірінші сынып оқушылары 1 маусымға дейін оқиды. Біздің пайымдауымызша, ең көп дегенде оқу жылы маусым айының ортасына дейін созылады. Алтыншы күн жүктемені азайтуға арналған. Демек, баланың өз бетінше дайындалуына уақыт болады, бүгінде көптеген жеке меншікті мектептер солай істейді, - деп түсіндірді Д. Назарбаева.






