Салалар
Талқылаулар
Новость
«Біз өмірді таңдаймыз!» қалалық эстафета өтті
Астана қаласы Білім басқармасының бастамасымен қоғамда орын алып жатқан келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында оқушылардың өмірге деген құштарлығын ояту, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеуде «Біз өмірді таңдаймыз!» атты қалалық іс-шара қолға алынған болатын.
Осыдан он күн бұрын мектебіміз №73 мектептен эстафетаны қабылдап алған болатын. Онкүндік аясында түрлі байқаулар мен психологиялық тренингтер мен сынып сағаттары өтті. Эстафетаны келесі мектепке тапсыру үшін №4, 7, 24, 59, 72, 73, 76 мектептерден қонақтар шақырылды.
10-сынып оқушылары кешті жоғары деңгейде ұйымдастырып, жан-жақты өнерлерін көрсете білді. Кештің шымылдығы «Ақ көгершін» ансамблінің «Бұлқынды жүрек» әнімен ашылды. 10-сыныптың шығармашылық тобы өмір туралы өлең шумақтарын нақышына келтіріп оқыды. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қанипа Қасымбайқызы сөз алып, құттықтау сөзін айтып, өмір туралы толғаныстарын айтып өтті. Досмағанбетов Тұрар мен Омаров Рахат домбырамен күй шертіп, көрермендер көзайымына айналды. Оқушылардан құралған флешмоб ұйымдастырылды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толқын Батырбайқызы сөз алып, онкүндіктің қорытындысына тоқталып, акция барысында белсенділік танытқан оқушыларды марапаттады. «Өмірдің түрлі бояулары» сурет байқауы, «Өмір туралы сыр шертемін» ақындар мүшайрасының жеңімпаздарын марапаттады. Эстафета тізгіні №76 мектеп-лицейге тапсырылды. Кеш соңында Дәулетбек Дильназ «Тек Алға» әнін нақышына келтіріп орындады.